БІРІНҒАЙ ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ » “Ескелді ауданы әкімдігінің Т.Рүстембеков негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы
бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Т.Рүстембеков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 3-74-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
сентябрь
2020

БІРІНҒАЙ ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

«Ескелді ауданы әкімдігінің Т. Рүстембеков атындағы орта мектебі МДШО»КММ


8 «А» сыныбының ата-аналар жиналысы


Тақырыбы: «Ата-аналарды пандемия кезеңіндегі короновирустық инфекцияның таралуына байланысты мектепте қашықтықтан оқыту қалай ұйымдастырылатыны туралы жадынамамен таныстыру» атты бірыңғай жалпыреспубликалық жинылыс


Хаттамасы № 2

Қатысқаны: 19                                                        Мерзімі: 17.09.20ж

Күн тәртібінде


1-ші  мәселе: Қашықтықтан оқыту жағдайында оқу кеңістігін құруда қолданылатын платформалар

2-ші мәселе: Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушыларды бағалау жүйесі  

3-ші мәселе: Оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптар

4-ші мәселе: Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушыларға арналған болжалды тапсырмалар көлемі

        Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Мансурова А.Б. сөз алып  ата-аналарға мектепте қашықтықтан оқыту жағдайында оқу кеңістігін құруда қолданылатын платформалар жайында айтып өтті. Сынып жетекшісі өз сөзінде қашықтықтан оқыту барысында пәндер бойынша мұғалімдер тапсырмаларды  ZOOM қосымшасы, Kundelik.kz, Bilimland.kz  интернет-платформалары арқылы білім алушылардың нақты уақыт режимін сақтай отырып   оқушылардың  өздігінен оқуына арналған тапсырмаларды жүктеп, беріп отырады. Сонымен бірге «Балапан» арнасы арқылы дателесабақтарды көре алатындарын айтты. Әрине тапсырмалардың көлемі қатаң сақталады. Платформалардың артықшылығы оқу тапсырмаларының жазбасы сақталады және оқушыға кез-келген уақытта қолжетімді екендігін атап өтті.

Екінші мәселе бойынша қашықтықтан оқыту жағдайында оқушыларды бағалау жүйесіне тоқталып  атап көрсетті. Атап айтса:

  1. 10 балл-егер оқушы жұмысты 100% орындаса өздігінен және тапсырманың орындалуын түсіндіре алса;
  2.  9 балл-егер оқушы жұмысты 90% орындаса, өздігінен және тапсырманың орындалуын түсіндіріп,қатемен жұмысты өздігінен жүргізе алса;
  3. 8 балл-егер оқушы жұмысты 80% орындап 1-2 қате жіберілсе;
  4. 7 балл-егер оқушы жұмысты 70орындап, 3 қате болса;
  5. 6 балл-егер оқушы жұмысты 60% орындап,4 қат жіберсе және орта деңгейдегі тапсырманы орындай алса;
  6. 5 балл-егер оқушы жұмысты 50% орындаса, сабаққа белсенді қатыспаған жағдайда;
  7. 4 балл-егер оқушы жұмысты 40% орындаса,мұғалімнің көмегімен ғана тапсырманы орындаса;
  8. 3 балл-егер оқушы жұмысты 30орындаса
  9. 2 балл-егер оқушы жұмысты 20орындаса
  10. 1 балл-егер оқушы жұмысты 10% орындаса және белсенділік танытпай берілген тапсырманы түсіне алмаса. 

Пән мұғалімдері оқушылардың тапсырманы орындауларына байланысты баллдық жүйені электронды журнал Kundelik.kz-ке қойып отырады деді. Сынып жетекшісі баллдық жүйе бойынша жеке-жеке тоқталып атап көрсетті.

Үшінші мәселе бойынша  оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптар туралы айтып кетті. Яғни, оқушылардың 2020-2021 оқу жылына қатысты міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар өзгертілді. Атап айтсақ, ата-аналар  еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, шектеу іс-шаралары кезеңінде балаға сабаққа ыңғайлы киім таңдай алатыны айтылды.Оқушының киімі таза, ыңғайлы, өзінің өлшеміне сай болуы керек.

Төртінші мәселе бойынша  сынып жетекшісі қашықтықтан оқыту жағдайында оқушыларға арналған әр пән бойынша болжалды тапсырмалар көлеміне тоқталып 8-сынып оқушыларына арналған оқу тапсырмаларының болжалды көлемімен таныстырып кетті.

Сөз соңында сынып жетекшісі Мансурова А.Б.ата-аналардың баланың қашықтықтан оқуына барысында көрсетілетін кеңестердіде айтып кетті.Жиналыс барысында сынып жетекшісі ата-аналардың тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап беріп отырды.


Шешім: 

  1. Балаларының  өмір қауіпсіздігін бақылау мақсатында  оқушылардың қашықтықтан оқу барысында  сабаққа қатысуын, байланыс құралдарын, қосымша цифрлық білім беру ресурстарын қолдануын,бос уақытын тиімді өткізуін қадағалау ата-аналарға жүктелсін.     


 Ата-аналар комитетінің төрайымы: Қиябекова Ә. Қ.


Хатшы:   Қыдыр Б              



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив