Сыбайлас жемқорлықты күшейту мақсатында мектеп ұжымымен жиналыс болып өтті
«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша
білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Т.Рүстембеков атындағы орта мектебі МДШО» КММ
мектебі бойынша сыбайлас жемқорлықты күшейту мақсатында мектеп ұжымымен жиналыс болып өтті
Х А Т Т А М А
Қатысқандар: 18.02.2022ж.
Диектордың тәрбие жөніндегі орынбасары – А.М.Карипова.
Қаралатын мәселелер:
- Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу.
- Сыйлықтарға, мерекелік іс-шараларға және басқа да мақсаттар үші қаражат жинауға тиым салу. Call-CENTER
Тыңдалды:
Алғашқы сөзді директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Карипова А.М алып, бүгінгі жиналаста қаралатын мәселелермен таныстырып өтті.
Бірінші мәселе бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын-алу шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді және кез келген жемқорлықтың туындауына сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алуды анықтау және жолын кесу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту бойынша қатаң түрде жұмыс жүргізілетіндігін айтты. Мектеп қызметкерлері, оқушылар арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын-алу, сонымен қатар қарсы мәдениетті қалыптастыру басты мақсатымыз екенін ұғындырды.
Келесі мәселе бойынша мрекелік іс-шараларға немесе жиһаз, құрал-жабдықтар сатып алуға, оқытушылар тарапына сыйлықтар алуға қаражат жинауға қатаң түрде тиым салынатындығын, орын алған дағдайда қатаң тәртіптік шара көрілетіндігін, тіптен жұмыстан шығаруға дейінгі қатаң шара қолданылатындығын ескертті.
Сөз кезегін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.М.Карипова алып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан тәрбие саласындағы жұмыстарға тоқтала келіп, мектепте сыйлық тұрмақ оқулықтарға, кеңсе тауарларына, дәптерге тағыда басқа құралдарға, ремонтқа ақша жинауға тиым салынатындығын айтып сыныптағы ата-аналар комитеті тікелей қызметін ұмытып ақша жинау мәселесімен айналысып кетпесін дегенді баса айтты. өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық әрекеттері мекеме басшылығына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарланатындығын айтты. Қажеттеліктері үшін қаражатты заңсыз жинау мәселесі бойынша пед.ұжым мен ата-аналар комитеттері арасында түсінік жұмыстары жүргізілу керектігін айтып, сөзін қорытындылады.
Қаулы етеді:
- Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізілсін.
- Заңсыз жинау мәселесі бойынша пед.ұжым мен ата-аналар комитеттері арасында түсінік жұмыстары жүргізілсін.
Жиналыс төрағасы: Н.Т.Мухасанов.
Хатшы: М.А.Серікбаева.