Оқушылардың психологиялық денсаулық сақтау, суицидтті алдын алу » “Ескелді ауданы әкімдігінің Т.Рүстембеков негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы
бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Т.Рүстембеков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 3-74-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
февраль
2022

Оқушылардың психологиялық денсаулық сақтау, суицидтті алдын алу

Т.Рүстембеков   атындағы орта мектеп 
мектепке дейінгі шағын орталығымен оқушылардың психологиялық денсаулық сақтау, суицидтті алдын алу 
АНЫҚТАМА       
Бақылау мақсаты: оқушылардың психологиялык денсаулығын сақтау, суидцитті алдын алу жұмысының жағдайын анықтау.
Бақылау объектісі: мектеп психологі Долдабаева Г.Т
Бақылау түрі: тақырыптық бақылау
Бақылау әдістері: жазбаша
Тексеру мерзімі: 17.01.2022
Тексерген: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Карипова А.М
 «Кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу және   психологиялық  денсаулықтарын сақтау» бойынша 
         Мектепте оқу жылы басынан жоспарға сәйкес  отбасылық жағдайы төмен және   сәтсіз отбасыларына ерекше назар аударып, рейдтік жұмыстар атқарылуда. Осы оқушыларды анықтауда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Карипова А.М., әлеуметтік педагог Қабдолданова С.А. және комиссия мүшеселері құрлып  тұрмыстық жағдайын зерттеу актісі жасалынды. Анықталған оқушылармен мектеп психологы Долдабаева Г.Т. оқушылар арасында агрессивті тәртіптің алдын-алу, оқушылардың мінез -  құлқын зерттеу  бойынша жұмыс жүргізді. Балалар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу   және оларға кеңес беру мақсатында өз ойларын ашық айту үшін мектебімізде «Сенім жәшігі», «Сенім телефон» ұйымдастырылған. Сыныптар бойынша тәрбие жоспарға сәйкес сынып жетекшілері дау-жанжалдық жағдайларының алдын-алу мақсатында келесі сынып сағаттарын өткізді: «Құқық дегеніміз не?», «Ваши права и обязанности», «Қылмыстың жауапкершілігі», «Қарым-қатынас ережелері», «Қылмыс неден басталады», «Заң білмеген  - зардап шегеді», «Подросковая преступность». Балалардың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидт жол картасы бойынша   сынап сағаттар өткізіліп, оқушылардың  чаттарына бейнероликтер таратыллды. Жұмыс нәтижелері Facebook, инстаграмм желілерінде жарияланды. Сынып сағаттарының мазмұны оқушыларға құқықтық,  әлеуметтік мәдени тәрбие беруге бағытталған. Сынып жетекшілердің көмегіне жүгіне отырып, арнайы (WhatsApp) – желісі бойынша чаттар ашылған, жоспар бойынша, осы чатта оқушылармен тікелей байланыс орната отырып, тығыз жұмыс жүргізілуде.  Бұл чаттың негізгі мақсаты оқушылармен профилактикалық ағарту, әлеуметтік көмек көрсету  және қауіп- қатердің алдын-алу жұмыстарын жүргізу. 
    Осы орайда желтоқсан айында жоспарға сәйкес 8 -11 сынып оқушыларының төмендегі шаралар ұйымдастырылды «Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу», тақырыбында дөңгелек үстел. «Кәмелетке толмаған балалардың суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу», «Кибербуллинг», «Буллинг» «Суицидтік мінез-құлықтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері» тақырыптарында презентациялар, жадынамалар жасалып, оқушылардың чаттарына жіберілді.  Әр айдын 8-18-28  күндері 6-11 сыныптар арасында, оқушылардың тиым салынған сайттарда тіркеліп, кіргендерін анықтау мақсатында мониторинг жүргізіп, ауданға мәлімет беріліп тұрады. Директордың ТЖО  Карипова А.М., мектеп психологы Долдабаева Г.Т., сынып жетекшілер , мектептегі жоғарғы сынып  оқушыларымен үнемі алдын алу жұмыстардың жүргізілуіне байланысты, оқушылар ВК, Ютуб, Фейсбукқа кіргенімен тиым салынған сайттарға кірмейді.  Сынып жетекшілер  тәрбие сағатында,  балалар   үнемі телефон мен компьютермен   сабақ оқитындығынан,  тиым салынған сайттарға  кірмеу керектігі туралы ескертіп тұрады . Ата-аналардың   Watsapp  желісіндегі топтарына   сынып жетекшілері  үнемі түсіндірме жұмыстар жүргізеді,  балаларының интернет желісінде қандай сайттарда отыратынын қадағалауды сұрайды.    Осы уақытқа  дейін  оқушылардын   жанама  өзгерістері  байқалмайды.
           2021 жылы  желтоқсан айында  «Құқық бұзушылықтың  алдын алу» кеңесінің отырысы өтті, ондағы қаралған мәселе, сәтсіз отбасындағы балалардың ата-анасымен жұмыс жүргізу, әлеуметтік көмек көрсетудің жағдайын түзеу жұмыстарының нәтижесі  туралы    1 – 11 сыныптарында оқушылардың жас ерекшеліктерін назарға ала отырып суицидтік әрекетке итермелейтін суицидтік себептермен жағдайларды талдау, бақылау бойынша ата-аналар, мектеп әкімшілігі қатысуымен тәрбие іс-шаралары өткізілді. 5-11сыныптар бойынша   суицидтің алдын алу бойынша келесі сынып сағаттары, жиналыстар өткізілді: «Суицид және жасөспірім», «Подростковый суицид»,    «Өмір, мен саған ғашықпын!», «Қарым-қатынас ережелері», «Бала және отбасы»,   «Болашағың өз қолыңда», «Өмір - өмір сүру үшін беріледі», «Суицид – қатерлі дерт», «Я люблю тебя, жизнь!», «Өмір несімен қымбат» Жоспар бойынша жұмыстар әліде атқарылуда.
Шешімі: оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау және суцитті алдын алу жұмысы жоспарға сәйкес жүргізу  бойынша жұмыстары қанағаттанарлық деп танылып, ары қарай жалғастырылсын.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив