Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары бойынша мектеп басшыларының оқушылардың ата-аналары алдында есеп беру кездесулерін өткізу туралы
Т.Рүстембеков атындағы орта мектеп МДШО КММ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары бойынша мектеп басшыларының оқушылардың ата-аналары алдында есеп беру кездесулерін өткізу туралы
АҚПАРАТ
Мектебімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жоспарланып бекітілген. Жоспарға сай мектеп басшылары оқушылардың ата-аналары алдында жылына екі мәрте жалпы ата-аналар жиналысын өткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқушылармен, ата-аналармен жүргізіліп отыратын жұмыс жоспарымен, іс-шараларымен таныстырып, есеп беріп отырады. Қазіргі уақыттағы карантиндік шектеулерге байланысты қашықтықтан оқыту барысында оқушылармен, ата-аналармен жоспарланған жұмыстардың жүргізілуі бойынша мектеп басшылары тарапынан оффлайн арқылы есеп беру жиналысы өтті. Жиналыс барысында мектеп басшысы Н.Т.Мухасанов, ДТЖО А.М.Карипова, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша жауапты тарих пәнінің мұғалімі М.А.Серікбаева ата-аналарды 2018-2020 жылдарда мектебімізде жүргізілген жұмыстарға есеп беріп, ағымдағы оқу жылында өткізілетін іс-шаралармен таныстырды. Мектеп басшысы Н.Т.Мухасанов ата-аналарға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- ортақ парызымыз» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың орындалуы, маңыздылығы, заңнамасымен таныстырып өтті. Директордың ДТЖО А.М.Карипова өз сөзінде ата-аналармен, оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспарымен таныстырды. Өткен оқу жылдарында мектебімізде оқушылар мен ата-аналар үшін құқық бұзушылықпен пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында өз өтініштері мен ұсыныстарын хат жазу арқылы білдіретін «Сенім жәшігі» болғандығын айтып, қазіргі қашықтықтан оқыту барысында мектеп сайтының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормотивтік базасы, мектеп call орталығы барын айтып, хабарласу бағыттарымен таныстырды. Күнделікті оқу процесінде жемқорлыққа жол бермеу мәселелері үнемі қадағаланып отырады. Мектепте ата-аналардан ақша жинау туралы фактілерінің орын алуын болдырмау мақсатында мұғалімдермен, сынып жетекшілермен үнемі жиналыстар өткізіп, түсінік жұмыстары жүргізіліп тұрады. Сонымен бірге осы оқу жылындағы оқушылармен, ата-аналармен жүргізіліп отырған жұмыстармен таныстырды. Атап айтсақ аудандық ІІБ өкілдерімен мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларымен сұхбаттаса отырып адалдықтың ақ жолын ұғындыру мақсатында кездесу ұйымдастырылып, оқушыларымыз еркін форматта түрлі сұрақтар қойып, жауаптар алғандығы атап айтылды. Сынып жетекшілер тарапынан «Сыбайлас жемқорлыққа қалай қарсы тұрамыз?», «Жемқорлыққа жол жоқ», «Жемқорлық-қоғам індеті» тақырыптарында челлендждер ұйымдастырылды. Мектебімізде тарих пәнінің мұғалімі М.Д.Иманғалиеваның жетекшілігімен 9-11 сынып оқушылары арасында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы жұмыс істейтінін айтты. Сонымен бірге ата-аналарға арналған видео көрсетілімдер, сауалнамалар, байқаулар «Парасатты отбасы» жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша конкурстар, конференциялар жүргізіліп отыратынын айтты. Жалпы есеп беру кездесуі барысында ата-аналар тарапынан жақсы пікірлер мен ұсыныстар білдіріп, кері байланыс берілді. Жиналыс соңында А.М. Карипова мектебімізде call орталықтың бар екендігін, сыбайлас жемқорлыққа қатысты барлық мәселелер бойынша хабарласуға болатындығын тағы да атап өтті.