Ауған соғысының жаңғырығы » “Ескелді ауданы әкімдігінің Т.Рүстембеков негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы
бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Т.Рүстембеков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 3-74-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
февраль
2022

Ауған соғысының жаңғырығы

«Ауған соғысының жаңғырығы» атты  10 сынып оқушыларымен Ауған соғысының ардагері Ибраев Мурат Туякұлының қатысуымен кездесу өткізілді. Мақсаты: Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру болып табылады. Кездесу барысында өмірінің өлшеулі бір бөлігін,  жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан Ибраев Мурат Туякұлы Ауған соғысында болған оқиғалар туралы баяндап берді.   
Оқушылар соғыс кезінде қолданған қарулар туралы, жалпы соғыс кезіндегі өткен өмірі мен елге оралған кездегі сезімі туралы сұрақтар қойды. Ауған соғысының ардагері Ибраев Мурат Туякұлы жастарға патриоттық сезім мен отанға деген жауапкершілік туралы үлгі боларлық ақыл-кеңестер айтты. Кездесу соңы оқушылардың ардагерге естелік сыйлықтар табыстауымен және музыкалық сәлемдеме жолданды. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив