Ауған соғысының ардагері
20.02.2020 жылы Т.Рүстембеков атындағы орта мектебімізде 9-10 сынып оқушыларымен Ауған соғысының ардагері Ибраев Мурат Туякұлының қатысуымен кездесу өткізілді. Мақсаты: Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру болып табылады. Кездесу барысында өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан Ибраев Мурат Туякұлы Ауған соғысында болған оқиғалар туралы баяндап берді.
Оқушылар соғыс кезінде қолданған қарулар туралы, жалпы соғыс кезіндегі өткен өмірі мен елге оралған кездегі сезімі туралы сұрақтар қойды. Ауған соғысының ардагері Ибраев Мурат Туякұлы жастарға патриоттық сезім мен отанға деген жауапкершілік туралы үлгі боларлық ақыл-кеңестер айтты. Кездесу соңы оқушылардың ардагерге естелік сыйлықтар табыстауымен және музыкалық сәлемдеме жолданды.
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: А.Карипова