«Қазақстан Республикасында бала құқықтары заңды түрде орындала ма?» тақырыбында өткен пікірсайыс » “Ескелді ауданы әкімдігінің Т.Рүстембеков негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы
бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Т.Рүстембеков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 3-74-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақстан Республикасында бала құқықтары заңды түрде орындала ма?» тақырыбында өткен пікірсайыс
25
февраль
2021

«Қазақстан Республикасында бала құқықтары заңды түрде орындала ма?» тақырыбында өткен пікірсайыс

«Алматы облысы білім басқармасының  Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»

«МДШО Т. Рүстембеков атындағы орта мектеп» КММ

«Қазақстан Республикасында бала құқықтары

заңды түрде орындала ма?» тақырыбында өткен

пікірсайыс туралы мәлімет

2020-2021 оқу жылы

Мақсаты:  

 - белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу;

- қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып-толғануға көмектесу;

- сөйлеу дағдысын қалыптастыру;

- өз көзқарасын айтуға машықтандыру;


Ақпан айының 25-ші жұлдызы күні   7-8 сынып оқушылары арасында «Қазақстан Республикасында бала құқықтары заңды түрде орындала ма?» тақырыбында дебат өтті.Себебі, қазіргі уақытта дебат қозғалысын дамыту-өзекті мәселе. Пікірсайыс елімізде болып жатқан  COVID-19 пандемиясына байланысты онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы өтті.  Пікірсайысқа екі сыныптан 8 оқушы қатысты. 

Жақтаушы топ тарапынан (8-сынып):

1. Бекенқызы Мөлдір

2.Нұрсағатқызы Дидар

3.Қанапаш Айзат

4. Нұрсұлтанқызы Диляра


Даттаушы тобы (7-сынып):

1. Мейрамбек Аружан

2. Ниязбеков Темірлан

3. Нурсанова Мөлдір

4. Тоқтарұлы Әзім қатысты.


Дебат барысында топ спикерлері төмендегі талаптармен таныстырылды:

1. Дебат ережесін сақтау

2. Тақырыптан ауытқымау.

3. Сөйлеу шеберлігі

4. Жоғары мәдениеттілік

5. Өзіндік айқын көзқарастың болуы

Сонымен бірге төменде көрсетілген пікірталас ойын шарттарымен де таныстырылды:

1. Әр топ өзін таныстыру.

2. Екі топ өз ойларын ортаға салады

3. Регламент сақтау

4. Екі топ өзара сұрақ алмасады

5. Көрермендердің топ мүшелеріне сұрақтары

Екі топтың оқушылары да пікірсайысқа белсене қатысып өз тарапынан тың мәліметтермен мысалдар келтіріп отырды. Оқушылардың бойынан саяси мәдениетілікті, өз әрекеті үшін өзі және қоғам алдында жауапкершілігі барын, сыни ойлау қабілеттерінің қалыптасқанын көрсете алды.Екі топтың оқушылары да өте белсен қатысты. Және де болашақта түрлі тақырыптарға құрылатын пікірсайыстарға қатысуға қызығушылықтарын білдірді.

Педагог ұйымдастырушы                Тулханы Р.Д.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив