Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыстары туралы іс-шарала бойынша онлайн режимдегі тікелей эфир мәлімет » “Ескелді ауданы әкімдігінің Т.Рүстембеков негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы
бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Т.Рүстембеков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 3-74-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыстары туралы іс-шарала бойынша онлайн режимдегі тікелей эфир мәлімет
05
март
2021

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыстары туралы іс-шарала бойынша онлайн режимдегі тікелей эфир мәлімет






«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Т.Рүстембеков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын - орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлықтың

алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыстары туралы мәлімет








Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, ата – аналар және желі қолданушы   белсенді  жастар!     Мен   Мухасанов Нұрсұлтан Тастандыұлы Алматы облысы , «Ескелді ауданы Т.Рүстембеков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  директоры. Бүгін мен өздеріңізбен   сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру    мақсатында жоспарға сай   мектепте  жүргізіліп   отырған    жұмыстар мен іс-шаралар  туралы тікелей эфир арқылы жарты сағат көлемінде  сіздермен сұхбат жүргіземін.

2020-2021  жаңа оқу жылының  басталуына орай  білім саласындағы сыбайлас жемқорлық іс- әрекетінің  алдын алу  және   болдырмау  мақсатында,  Алматы облысының  білім басқармасының  2020 жылдың 08 қыркүйегіндегі  № 307-н бұйрығы және Ескелді  ауданы   білім бөлімінің 2020 жылғы  9 қыркүйегіндегі  №297 бұйрығын басшшылыққа ала отырып  2020 жылдың 9 қыркүйегіндегі №114 мектеп директорының  бұйрығы шығарылды.

 Осыған  орай білім мекемесінде мектеп ұжымына   ақша жинамау   керектігі туралы   ата-аналарға, оқушылар мен мектеп  ұжымына  ZООM    платформасы арқылы  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Егер де, кімде кім мектеп қабырғасында ақша жинап сыбайлас жемқорлыққа жол берген жағдайда заң алдында жауап беретіндігі ұжымға ескертілді. Сонымен бірге мұғалімдер ата-аналардан қандай да бір себептермен жөндеу жұмыстарын жүргізуге, кеңсе тауарларын сатып алуға, салтанатты шаралар барысында сыйлықтар алуға, тексеруге келген қызметкерлерге, оқушылармен барлық түрдегі ақылы тестер өткізуге, мерзімді баспаларға жазылуға тағы басқа сол сияқты заттарға ақша жинаған жағдайда бірден мән жай мектеп директорына ескертілуі керек екені ата-аналарға жеткізіліп, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы түсіндірілді. 

       Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында, баланы балабақшаға орнату, үйден оқитын оқушыларға көрсетілетін қызмет түрлері, мұғалімдерді қорытынды аттестаттаудан өткізу, көп балалы, аз қамтылған оқушыларға берілетін әлеуметтік көмек түрлері, оқушылардың тегін ыстық тамағын ұйымдастыру т.б шаралар мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша орындалады.

Мемлекеттік қызмет көрсету рәсіміне сәйкес мектептер келесі қызмет түрлерін көрсетеді:

Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау.

Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну.

Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру.

Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың түп нұсқаларын беру.

Мемлекеттік білім беру мекемелерінің педагог қызметкерлерінің аттестациялық біліктілігін өткізу мемлекеттік білім беру мекемелерін жұмысқа қабылдау.

Документтерді қабылдау және балаларды 1- сыныпқа қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бекіткен 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына сәйкес, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беруді ұйымдастырушылық оқытуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 

1 сыныпқа қабылданатын балалардың ата-аналарынан және заңды өкілдерінен өтініш қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусымынан 30 тамызына дейін жүргізіледі. Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері http://egov.kz/ порталында өтініш береді және қажетті сканерленген құжаттарды сол жерге тіркейді.     

1 сыныпқа балаларды қабылдау үшін келесі құжаттар қажет:                                                             1.Ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші.                                                                                                                         2. Баланың тууы туралы куәліктің көшірмесі                                                                                             

3.Денсаулық жағдайы туралы анықтама, медициналық паспорт                                                           4. 3*4 сурет 2 дана.

Мектеп  әкімшілігі үш күн мерзім ішінде мектепке құжаттарды қабылдауды ресімдейді және бұл туралы балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне мектепке қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы хабарлайды. Мектепке қабылдау электрондық үкімет порталында өтініш беру кезектілігіне сәйкес жүзеге асырылады.

Сонымен бірге балабақшаға балаларды қабылдау үшін https://kezek.e-zhetysu.kz сайт арқылы жүргізе асырылады.  https://e-zhetysu.kz те Алматы облысының барлық автоматтандырылған мемлекеттік қызметтері болады. 1-ші сыныпқа келетін оқушылар http://egov.kz/ сайты арқылы қабылданады. Ал мектепке жаңадан келген 2-11 сынып оқушыларын қабылдау немесе басқа мектепке ауысып кеткен жағдайда  http://www.nobd.iac.kz/ НОБД (ҰБДҚ) Ұлттық Базалық Деректер Қоры арқылы жүзеге асады. Жоғарыда аталған қызмет түрлерінің барлығы мемлекеттік қызмет көрсетуге жатады. 

Мектепалды даярлық сыныбына құжаттарды қабылдау ағымдағы жылғы 1 маусым мен 30 тамыз аралығында жүргізіледі. Осы мәлімдемеге сәйкес, ата-аналар немесе балалардың заңды өкілдері мектеп директорының атына өтініш жазуы негізінде жүзеге асырылады. 


     Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және  қағаз түрінде.

     Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі үшін көрсетілетін қызметті берушіге қағаз жеткізгішке жүгінген кезде нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" білім беру ұйымына қабылданғаны туралы, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында хабарлама келеді. 

Сонымен қатар аттестатын жоғалтқан негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың  түп нұсқаларын беру бойынша  мемлекеттік қызмет  көрсетіледі. 

        2020 жылдың  қыркүйек  айында өткізілген "Мектепке жол" дәстүрлі республикалық қайырымдылық шарасы барысында мемлекеттен мектебіміздегі  Әлеуметтік көмек  алатын,  аз қамтылған   11 отбасында тәрбиеленіп жатқан 23 оқушыға  мектепке қажетті сөмке мен кеңсе тауарлары, спорттық киім, спорттық аяқ киім берілді.Акция мақсаты:  аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету болып табылады.  

   Мектебізде 1-ші шілдеден 30-шы қыркүйекке дейін оқушылардың үйіндегі тұрмыстық-материалдық жағдайлары қарастырылып, осы акция аясында аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, қамқоршылық кеңес мүшелері атынан жетім балалар,  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 20 оқушыға кеңсе тауарлары  берілді. 

   Мемлекет тарапынан  мектебіміздегі АСП алатын отбасы балаларына көмек көрсетілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Карипова А.М., әлеуметтік педагог Сабиржанова Ж.Р., және ата- аналар комитетінің төрайымы Қамбарова Сәуле мектеп құралдарын  қабылдап алды. 19 оқушыға мектепке қажетті сөмке мен кеңсе тауарлары берілді. Өздеріне арналған тауарларды көргенде, оқушыларымыз қуаныштарын жасыра алмады, ата-аналар қашықтықтан оқу барысында көрсетіліп отырған көмекке алғысын білдірді. 

   Сонымен қатар, Қамқоршылық кеңес мүшелері атынан  жетім балалар,  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 13 оқушыға  кеңсе тауарлары  берілді. Бір отбасыға қамқоршылық кеңес мүшелері атынан   "модем" роутер сыйлыққа берілді.      

   Қазақтың жақсы қасиеттерінің  асылы - жомарттық, кеңпейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Қамқоршылық кеңестің мүшесі Мансуров Төлеген ағамыз 4 оқушыға аяқ киім сыйға тартты. Оқушыларымыз білім алуға үлкен құлшыныспен кірісті.

   Сонымен қатар қазан айында 8 оқушыға мемлекет тарапынан кеңсе тауарлары, мектеп сөмкесі берілсе,      қараша айында 11 оқушыға мемлекет тарапынан  кеңсе тауарлары, мектеп сөмкесі берілді.  Желтоқсан айында АСП  алатын 19 оқушыға мемлекет таранынан  кеңсе тауарлары, мектеп сөмкесі  және спорт аяқ киімдері  берілді.

   Атамекен порталына 56 оқушы тіркелді.

   Мектебімізге мемлекет тарапынан  59   ноутбук, 5 компьтер, 5 планшет, 11 роутер  берілді. Әлеуметтік  көмек алатын , көп балалы, аз қамтылған, жетім, үйден оқытылатын, инклюзивті оқушыларға  т.б   оқушыларға берілді.  Кез келген техника құралдарын ата-ананың атына акт толтыру арқылы табысталды. Қазіргі уақытта оқушыларымыз күнделікті сабақтарына қолданып, қашықтан білім алуда. Биылғы жылы акция әлеуметтік бағыттағы «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» атты ұранмен өткізілді.  Ақпан айыында 6 отбасыға азық түлік көмек көрсетілді.

Адал ұрпақты  білім бере отырып тәрбиелеу – қай уақытта болса да өз  маңыздылығын жоғалтпаған мәселе.  Сондықтан  Адал еңбекқорлық-еліне адал қызмет ету және сыбайластық іс – әрекеттерден аулақ болудан тұрады. Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін мектеп қабырғасынан бастап тәрбиені осы бағытта беру маңызды, соның негізгісі 4 негізгі құндылық қалыптастыру: адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім.

Адалдық  -  әр бір  адамның  бойындағы   асыл қасиеттердің бірі. «Адалдық» деген   сөз  шыншылдық,  айнымастық,   шын берілгендік сияқты игі   қасиеттерді  еске салады. 

Адалдық – адамгершілік парасаттың ең биік шыңы. Ол кез-келген істе, әрекетте, сөзде өзінің пендешілік мүддесінен адамшылық мүддесін жоғары қоя білуді білдіреді.   «Адамдықтың нұры бол, адалдықтың құлы бол» деп , келер ұрпақты ақиқатты ардақ тұтуға шақырады. Осы қағидатты негізге ала отырып мектебімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы жұмыс істейді.

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының құрылу мақсаты-шәкірттерімізге рухани адамгершілік және азаматтық — патриоттық тәрбие беру. Олардың бойында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру болса, міндеті-мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.Осы мақсат-міндеттерді жүзеге асыру аясында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері ұйымдасқан түрде мектебімізде жүйелі түрде түрлі іс-шаралар атқарылуда. Қазіргі таңда 8 -10 сынып оқушыларынан құрылған ұйым мүшесінде 15 оқушы бар. «Адал Ұрпақ» еріктілер клубын тарих пәнінің мұғалімі Имангалиева Маржан Дүйсенқызы  жүргізеді.   

 «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының негізгі міндеттері:

1.   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; 

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу; 

3.   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс – шараларды ұйымдастыру; 

 Осы негізгі міндеттердің негізінде қыркүйек айында   клуб жұмысының мақсат-міндеттері түсіндіріліп, жоспар құрылып, ұйым мүшелері тағайындалды. 

2020-2021 оқу жылында жоспарға сәйкес атқарылып отырған жұмыстарға тоқталсақ. Мектепте «Сенім поштасы», «Сенім телефоны» туралы бұйрық шығарылып, жауапты болып мектеп психологы бекітілді. Қазан айында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелерімен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында клуб жетекшісі мен мүшелері арасында  ZOOM платформасы арқылы әңгіме ұйымдастырылды. Қараша айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат секциясының ұйымдастыруымен «Парасатты азамат» бұрышын рәсімдеу, жаңарту жұмыстары жүргізілді. Желтоқсан айында   9-11 сынып оқушылары арасында мәдени – бұқаралық іс-шаралар секциясымен «Біздің таңдауымыз – құқықтық мемлекет» атты челлендж ұйымдастырылды. Қаңтар айында көркем еңбек пәнінің мұғалімі Норчабаев С.К. пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат секциясы «Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында оқушылар арасында суреттер , «Сыбайлас жемқорлықты тоқтатайық!» атты плакатар сайысы  өткізілді. Ақпан айында оқушылардың ата-аналарымен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Карипова А.М. мен сынып жетекшілері арасында «Құқықтық тәрбиелеудегі отбасы рөлі» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы ата-аналар жиналысы өткізілді. Сонымен бірге клуб жетекшісі Имангалиева М.Д., тарих пәнінің мұғалімі Серікбаева М.А., сынып жетекшілер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат секциясының ұйымдастыруымен адамгершілік және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында 1-5 сыныптарда  - «Заң мен құқық әлемінде», 6-11  сыныптарда – «Мен құқықтық мемлекетте өмір сүремін» тақырыптарында сынып  сағаттары өткізілді. Сонымен бірге 1-4 сыныптар – «Құқықтық көлшік», 5-8 сыныптар «Діни бірлестіктер ұйымы. Олардың қатері?», 9-11 сыныптар – «Жемқорлық туралы», 1-7 сыныптар – «Жақсылық пен жамандық», «Мектеп сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді. 

       Сонымен қатар ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан ұйымдастырылған жалпы республикалық   9 «Адалдық сағаты»   өткізілді. «STOP- жемқорлық!» тақырыбында  қашықтықтан өткізілген  облыстық байқауына клуб мүшелері 10ә сынып, жетекшісі Көмекбаева А.А. қатысып, белсенділік танытып қатысты және де ҚР Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткізілген қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мен парасаттылық құндылықтарын ілгерілетуге және отбасы өнегесін дәріптеуге үлес қосқан «Парасатты отбасы» байқауына қатысып, Мансуровтар әулеті «Алғыс хатпен», бағалы сыйлықпен марапатталды. «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмысына сәттілік тілей отырып, Тәуелсіз еліміздің адал да саналы азаматтарының санын арттыруға ықпалын тигізетін ауқымды іс-шаралар атқаратындығына сенімдіміз.

Мектебіміздің осындай белсенді оқушыларынан үлкен үміт күтеміз. Өз заңын құрметтеп-қастерлейтін, еліне шын берілген адал ұрпақ - Мәңгілік Елдің кепілі.Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстар әлі де өз жалғасын табады.




                     Мектеп директоры:                           Н.Мухасанов





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив