хаттама №3 2018 жыл » “Ескелді ауданы әкімдігінің Т.Рүстембеков негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы
бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Т.Рүстембеков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 3-74-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
апрель
2019

хаттама №3 2018 жыл

«Ескелді ауданы әкімдігінің Т. Рүстембеков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қамқоршылық кеңесі отырысының


ХАТТАМАСЫ № 3

Қатысқаны: 11 14.09.2018

Күн тәртібінде:
1. 2017-2018 оқу жылында атқарған жұмыстарға есеп
Мухасанов Н.Т.
2. 2018-2019 оқу жылында атқаратын жұмыс жоспарын бекіту
Коптлеуова Г.М.
Тыңдалды:
Коптлеуова Г.М.:
- Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің 04.09.2018 ж. № 17-12/738 хаттамалық тапсырмасына сәйкес бүгінгі отырысымызда мектеп директоры Мухасанов Н.Т. 2017-2018 оқу жылында пән мұғалімдерінің білім сапасын арттыру бағытында және жаңартылған мазмұнды білім беруді іске асырудағы және білім беру ұйымының оқушылары мен педагогикалық ұжымы үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында атқарылған жұмыстарына есебін тыңдайық.
Мухасанов Н.Т.:
- 2017-2018 оқу жылы жетістер көп болды. 263 баламен бастадық. 23түлектер бітіріп, 8 грантка түсті. Әр тоқсан сайын, білім сапасыны көтеріп жатырмыз. Іс-шаралар: сынып жетекшілері оқушылармен «Айғай кум», Шоқан Уәліханов мұражайы, Талдықорғандағы М.Тынышпаев мұражайына экскурсияға барды. Шарын каньонына барып кайттық, 30 оқушыны апардық.
Қамқоршылық кеңесімен бірлесе отырып және шаруашылық қожалықтарының, мектеп түлектерінің көмегімен төмендегі іс-шаралар атқарылды .Балаларға көмек көрсетіп жатырмыз. Мектепте «Жол» акция, жартылай жанұя, жетім балаларға көмек көрсетіледі. Озат Айсауле жетім-ол ерекше назарда.
- Көп балалы жанұядан – 11 оқушы
- Жағдайы төмен отбасыларынан – 53 оқушы
- Жалғыз әкесімен өсіп келе жатқан балалар саны - 3 оқушы
- Жалғыз анасымен өсіп келе жатқан балалар саны -5 оқушы
- Толық емес отбасынан – 2 оқушы
Бюджет тарапынан 112 456 теңге жұмсалды, жазғы лагерьге 130 бала қатысты 30 000 тенге жұмсалды. Мектептен тыс жазғы лагерьге 10 оқушы барды. Асхана арендаторы Чуйкенбаева Әлияның көмегімен 25 балаға жаңа жылдық сыйлықтар (конфеттер) 50 000 тенгеге берілді.
Ескелді ауданының әкімшілігінен 3 сыйлық, жұмсақ ойыншықтар (үлкен иттер) мүгедек балаларға берілді. Олар: Саден Елдос, Қойшыбай Айдын, Чернов Михаил.
Бюджеттік «Всеобучтан» 291316 теңге бөлініп, қыстық курткалар, қыстық етіктер, жылы киімдер, спорттық киімдер, жемпірлер, водолазкалар, қолғаптар, жылы шұлықтар, футболкалармен 50 бала қамтылды.
2017-2018 оқу жылының І-ші жартыжылдығында қамқоршылық кеңестің, ұйымдастыруымен мектеп әкімшілігінің қолдауымен 18 «ШҚ» шақырылып, акциялар, марафон өткізілді. 146 900 теңге ақшалай түстіп, қажетті бағыттарға жұмсалынды.
Оның ішінде :
- 18 000 теңгесіне киім алынды.
- 28900 теңгесіне мектеп қабырғасына стендтер жаңартылды.
- 50000 жылу жұйесі нығайтылды.
Екінші жарты жылдықта Акция «ЗАБОТА - 2018» өтті. Оның барысында қаржылай 84 000 тенге түсті. Қамқоршылық кеңестің шешуімен қажетті бағыттарға бөлінді:
- терезе перделер алынды – 23 830 т.
- балалар мерекесіне (форма) – 53 500 т
- стенд – 5000
- электр. жөндеуіне (автомат) – 1750 т
Мұғалімдедің біліктілігін арттыру мақсатында жаңа бағдарламаларды іске асыру барысында мұғалімдер арасында семинарлар ұйымдастырылып отырады. «Ұздік сабақтар» атты ашық сабақтар өтізіледі. Пән апталықтарында пәнге қызығушылықтарын арттыру мақсатында сабақтан тыс қызықты іс-шаралар өткізіледі. Мұғалімдер жаңартылған мазмұнды сабақ берудің әдіс-тәсілдерін меңгеру мақсатында, аудандық білім бөлімінің жоспары бойынша, оқыту курстарына уақытында жіберіліп отырады.
Оқушылдардың білім сапасы мониторингін шығару барысында, тоқстан соңында әкімшілік бақылаулар, срезтер, тесттер жұмыстары алынып отырады.
Әрбір іс – шараларға, ашық сабақтарға, күнделікті өткізілетін сабақтарға ата-аналар шақыртылып, қатыстырылады.

І – тоқсанның білім сапасы көрсеткіші : 49,2 %
үздік оқушылар саны – 32
екпінді оқушылар саны – 82

ІІ - тоқсанның білім сапасы көрсеткіші: 50,6 %
үздік оқушылар саны – 33
екпінді оқушылар саны – 82

2. Коптлеуова Г.М.:
- 2018-2019 оқу жылында атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды.
Шешімі:
1. 2017-2018 оқу жылыңдағы атқарылған жұмыс есебі қанағаттанарлық деп
есептелсін;
2. 2018-2019 оқу жылында атқарылатын жұмыс жоспары бекітілсін.





Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Коптлеуова Г.М.
Хатшысы: Диханбаева М.А.



Похожие публикации:

04 апрель 2019 хаттама №1 2018 жыл
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив