Ата-аналар арасында қашықтықтан онлайн форматта өткізілген кездесудің ХАТТАМАСЫ » “Ескелді ауданы әкімдігінің Т.Рүстембеков негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы
бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Т.Рүстембеков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 3-74-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
февраль
2021

Ата-аналар арасында қашықтықтан онлайн форматта өткізілген кездесудің ХАТТАМАСЫ

«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Т.Рүстембеков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен» КММ ата-аналар арасында қашықтықтан онлайн форматта  өткізілген кездесудің 

ХАТТАМАСЫ

                                                                                                 11.02.2021жыл

                                                    Күн тәртібі:


 1. «Құқықтық тәрбиелеудегі отбасының рөлі»

Тыңдалды:

2021 жылы 11 ақпан күні ZООМ платформасы арқылы онлайн режимде ата – аналар жиналысы өтті , жиналысқа 16 ата –ана қатысты.  


Тақырыбы: Құқықтық тәрбиелеудегі отбасының рөлі.  


            Мақсаты:  Ата – аналарға балаларының құқықтық тәрбиесі жайында толық мағлұмат беру, әр баланың мінез құлық ерекшеліктеріне сай қоғамда өзін – өзін ұстауы , үлкендерге құрмет көрсетуі ,құқық бұзбау әрекеттері жөнінде ой бөлісу . Жан – жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу жолында құқықтық тәрбиенің маңызын арттыру.Құқықтық тәрбиелеудегі отбасының  ролі туралы мектеп психологы Мамырханова Г.Т, тарих пәнінің мұғалімі Серікбаева М.А өз ойларымен бөлісті. Сөз кезегін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасаары Карипова А.М  алып, бүгінгі жиналыста қаралатын мәселемен таныстырып өтті.     

       Ол өз сөзінде ең бірінші кезекте құқықтық тәрбие негізі отбасынан басталатыны туралы қысқаша мәлімет беріп , Құқық және құқықтық тәрбие  дегеніміз не ? Баланың қандай құқықтары бар ? деген сұрақтарды түсіндіріп және оқушылар оқушылар арасында құқықтық тәртіпті бұзушылықтың алдын алу үшін жүргізілетін шаралармен таныстырып өтті .  Құқықтық тәрбие беру арқылы жастарды өз құқықтарын пайдаланып, азаматтық міндеттерін орындай отырып қоғамда өз орындарын таба білу керек екенін   айтты.  Сөзінің соңында Айгерім Мұхтарқызы  қорыта келе әрбір ата – ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сыйлы  болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі – өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн.  Құқықтық тілмен айтқанда бұл – заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз деп сөзін аяқтады.                           


Шешімі:

ҚР Заңдарын басшылыққа ала отырып, ата-аналардың отбасындағы   жауапкершілігі күшейтілсін.



Хатшысы:                            Имангалиева М.Д.












Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив