10
ноябрь
2022
"Мен оқимын!"
10.11.2022 ж. Т. Рүстембеков атындағы орта мектепте «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында бастауыш сынып оқушылар арасында «Мен оқимын!» атты 10 минуттық оқу кестесі құрылды. Жобаның мақсаты оқушының оқуға деген қызығушылығын ояту. 1-4 сынып оқушылар арасында 4 сабақ аяқталуына 10 минут қалғанда кез келген сабақта бір келкі оқу ұсынылды. Осы қолға алынған іс-шарамызды әр бейсенбі күні әдетке айналдырмақпыз. Бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзіреттілігін қалыптастыру маңызды міндет.