05
сентябрь
2022
«Отбасылық оқуға арналған кітаптарға шолу»
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Отбасы күні» қыркүйек айының екінші жексенбісі күні болып бекітілген.
Балаларды кітап оқуға тартуға әсер ететін ең маңызды әрі басты институт ол – отбасы. Балалардың кітап оқуға деген көзқарасы, олардың оқырмандық мәдениетінің артуы көп жағдайда ересектерден алған үлгіге байланысты.
5 қыркүйек күні Т.Рүстембеков атындағы орта мектебінің мектеп кітапханасында «Отбасымызбен бірге оқимыз» атты отбасылық оқу өткізілді. Отбасылық оқуға Құрмантаевтар жанұялары қатысты. Шарада балалар мен ата-аналар өздері оқыған кітаптары жайлы ой бөлісті. Ата-аналар үшін «Тәрбие көзі - отбасы» атты көрмеге шолу жасалып мультфильмдер көрсетілді.