01
сентябрь
2022
"Кел, балалар, оқылық!"
1 қыркүйек – Білім күні«Кітап – білім ордасы».
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялағаны белгілі. Соған орай Т.Рүстембеков атындағы орта мектебінің мектеп кітапханасында кітап көрме ұйымдастырылды
Көрмеге балаларға арналған классик жазушылардың туындылары, халық ауыз әдебиетінің озық үлгілері, балалар энциклопедиясы және бүлдіршіндерге арналған ертегі кітаптар қойылды. Сондай-ақ қызықты оқиғаларды баяндайтын әртүрлі бағыттағы кітаптардан тұратын «Әдеби сандық» өз оқырмандарына ерекше көңіл күй сыйлады. Оқушылар осы көрмені жыл көлемінде тамашалап, өздерін қызықтырған кітаптарын алып оқи алады.