01
ноябрь
2022
«Мен Әлемді кітаппен ашамын»
Т.Рүстембеков атындағы орта мектеп кітапханасында күзгі демалыс кезінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мен Әлемді кітаппен ашамын» атты кітапханаға саяхат ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында 3А, Ә, Б, 4А, Ә,Б, сыныптар арасында болды. Қазақ-орыс сыныптар бірге танымдық іс-шара жүргізілді. Бұл іс-шара барысында виртуалды ойындар" Зейінді дамыт", "Эмоция арқылы мультфильм тап","Айырмашылығын тап, "Логикалық сұрақтар" ойындары өткізілді. Оқушылар, қызықты сұрақтарға жауап бере отырып ұпайлар жинады, белсене қатысты. Жаңа түскен кітаптармен танысып, үзінділер оқыды.