Ата-аналармен өткізілген жиналыстың хаттамамасы » “Ескелді ауданы әкімдігінің Т.Рүстембеков негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы
бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Т.Рүстембеков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 3-74-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
февраль
2021

Ата-аналармен өткізілген жиналыстың хаттамамасы

«Алматы облысы білім басқармасының «Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Т. Рүстембеков атындағы орта мектебі МДШО» КММ

Ата-аналармен өткізілген жиналыстың

хаттамамасы


03.02.2021ж.                                                         


Қатысқандар-62 ата-ана

Күн тәртібінде :

1. Кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында  құқықтық бұзушылықтын алдын алу туралы.

2. «Кибербуллинг» туралы ата-анадарға  ақпарат беру, таныстыру

3. Сұрақ-жауап



Тыңдалды:

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.М. Карипова сөз алды. Мектебіміздің оқушылары  қашықтықтан оқытылып жатқандықтан ,құқық айлығына қатысты барлық іс-шаралар  онлайн форматта өтіп жатқандығын тілге тиек етті.  

          Ата-аналарға кəмелет жасына толмағандардың құқық бұзушылық үшін жауапкершілігі жайлы мəселе қоғам өмірінде «қылмыстылықпен» күресті шешуде маңызды орын алады. Кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жəне жазалау мəселелері ҚР Қылмыстық Кодексінің VI бөлімінде қарастылған. Бұл жағдай ең алдымен кəмелетке толмағандар қылмыстылығының жалпы қылмыстылықтың құрамдас бөлігі ретіндегі айтарлықтай өзіндік ерекшеліктерімен дəйектеледі. Бұл ерекшеліктер жасөспірімдер мен кəмелетке толмағандарды əлеуметтік – психологиялық тұрғыда өсіп жетілуінің өзгешеліктеріне: əлеуметтендірілу деңгейінің жеткіліксіздігіне, психофизикалық, жас жағынан жəне əлеуметті кемелденуінің олқылықтарына, адамгершілік құндылықтары жөніндегі одағай түсініктеріне, мінез-құлқының өзіндік қасиеттеріне, «формальды емес жетекшілердің» əсеріне тез берілуі, үлкендерге еріп кету жəне т.б. тəуелді болып келеді ҚР ҚК-нің «Кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы» жөніндегі бөлімінің 78 бабының 1 бөлігінде «Кəмелетке толмағандар деп – қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылатындығы» белгіленген. Сонымен қатар ата-аналар балаларыңызға үнемі құқықтық жауапкершілік туралы ескертіп отырыңыздар деді.   Құқықтық   тәрбиелеудегі отбасының рөліне тоқталды. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың басты мақсаты, әрі міндеті. Бала тәрбиелеуде қоғамдағы кемшілік тұстары көп кездесетін  тәрбиенің бағыты –отбасыдан берілетін құқықтық тәрбие  туралы сөз етпеу мүмкін емес деді. Бала әр жанұяның бақыты. Жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесінің алғашқы буыны отбасы болып табылады. Адамзаттың өміріндегі ең қымбаттысы, көз қуанышы. Олардың болашақта қандай тұлға болып қалыптасуы сіздердің қолдарыңызда деді.  

          Екінші сұрақ бойынша мектеп педагог-психологі Мамырханова Г.Т., қазіргі қашықтықтан оқып жатқандықтан балалар көп уақыттарын гаджет, компьютердің алдында өткізеді. Сол себептен   «Кибербуллинг» жағдайларыда көбейіп кетті. Бүгінгі таңда интернет желісінде   жасөспірімдер, бір күнде  жалпы өздерін өлімге қияды деген хабарламалар таратылғаны туралы айтып, таныстырды.  Ата-аналарға балаларын тиым салынған сайттарға кірмеуін, мұқият қадағалап, бақылауларын ескертіп, кеңес пен ұсыныстар айтып өтті. 


Отырыс қаулысы:


1.     Мектеп директорының ТЖО Карипова А.М.  құрып, бекітілген түнгі рейд кестесіне сәйкес, Ескелді АПБнің ЖПҚ-нің ЮПТ-нің инспекторы Нәсіржанов Мадияр Саматұлымен бірлесіп жүргізілетін түнгі рейд күшейтілсін .

2.     Ата-аналр, балаларын үнемі бақылау қажет.



Мектеп директорының

Тәрбие жөніндегі орынбасары:                       А.М. Карипова


Педагог-психолог:                                             Г.Т. Мамырханова

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив