Insta "Болашақтағы Қазақстан!" үздік шығарма байқау І орын Нұрсұлтанқызы Диляра 7 "а" сынып оқушысы » “Ескелді ауданы әкімдігінің Т.Рүстембеков негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы
бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Т.Рүстембеков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 3-74-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
апрель
2020

Insta "Болашақтағы Қазақстан!" үздік шығарма байқау І орын Нұрсұлтанқызы Диляра 7 "а" сынып оқушысы

Болашақтағы  Қазақстан

          Тәуелсіздік күні қарсаңында жарияланған ұлтымыздың Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың  халыққа арнаған «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауы мазмұны терең ,бағыты айқын, стратегиялық мәні ерекше құжат. Бұл Жолдау ел дамуының белгілі бір асуын бағындырып,келесі бір асуға бет бұрғанын дәлелдейді.

       Елбасымыз өзі атап айтқандай,мықты мемлекет жоспарлау саясатымен,ұзақ мерзімді дамумен және экономикалық өсумен ерекшеленетін бұл Жолдау –болашаққа мықты қадам жасайтын, Қазақстанның жаңа келбетін көрсететін, баршамызға жауапкершілік жүктейтін ел Президентінің халыққа арнаған он жетінші жолдауы екен. Әрбір Жолдау кемел Қазақстанмен, оның азаматтарының қамы үшін қызмет етуде.Осыдан 15 жыл бұрын Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасы қабылданғаннан кейінгі жылдарда еліміздің экономикалық тығырықтан шығуына, өркендеуіне, қауіпсіздігімен жағдайының артуына жол ашты. Еліміз жиырма жылда тыныш, жаңарған қалыпқа жетті. Кез келген мемлекеттің дамуы қабылданған қажетті заңнамалардың негізінде жүзеге асатыны мәлім.

        Ең алғашқы «Қазақстан -2030» стратегиясындағы көрсетілген негізгі бағыттардың уақытынан бұрын жүзеге асырылғанына баршамыз куә болып отырмыз. Қазақстанның аз уақыт ішінде қол жеткізген жетістіктерін әлем мойындады. Айта кетер болсақ, басты жетістігіміз тәуелсіз мемлекет құрғанымыз. Көп ұлтты, ынтымағы жарасқан елге айналдық. Еліміздегі өндірістік байланыстар нығайтылды. Сәулеті көз тартар Астана бой көтерді. Әлемді тамсандырып халықаралық қауымдастық «ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмесін өткізу орны ретінде таңдалды.

        Еліміз ықпалды халықаралық ұйымдарға төрағалық етті.Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басын қосты.Өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан бірінші ел ретінде әлем тарихында танылды.

        Қорытындылай келе мен Қазақстанды керемет, көрікті, экономикасы жоғары дамыған елдердің қатарынан көргім келеді. 




Жетекшісі: Әділ Орынгүл

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив