Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласы аясында өткізілген Қапал өңіріндегі «Тауда тамшылаған –Тамшыбұлақ» шипалы бұлаққа жасалған экскурсия туралы мақала » “Ескелді ауданы әкімдігінің Т.Рүстембеков негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы
бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Т.Рүстембеков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 3-74-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласы аясында өткізілген Қапал өңіріндегі «Тауда тамшылаған –Тамшыбұлақ» шипалы бұлаққа жасалған экскурсия туралы мақала
01
ноябрь
2019

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласы аясында өткізілген Қапал өңіріндегі «Тауда тамшылаған –Тамшыбұлақ» шипалы бұлаққа жасалған экскурсия туралы мақала

Тауда тамшылаған –Тамшыбұлақ


Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы  болашаққа  тың серпін, жаңаша көзқарастарға бағытталған ұлттық идеяларға толы. Рухани жаңғырудың жалғасы болып табылатын, бұл жолдауда мәдениетімізге, тарихи ескерткіштерге, ел-жерге ерекше көңіл бөлінген. 

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяң басты. Біздің мақсатымыз айқын. Ол әлемдегі дамыған мемлекеттердің қатарына қосылу. Ол үшін оқушыларымыздың бойына өз елін, жерін, ата-бабалаымыздан мирас болып қойған тарихи орындарды көздің қарашығындай сақтау. Т.Рүстембеков атындағы орта мектептің оқушылары мектеп ұжымының ұйымдастыруымен, мектеп директорының қатысуымен қазан айында Тамшыбұлақ деген жерге саяхатқа барды. 47 оқушымен бірге сынып жетекшілер де Байбатчаева М.Т,                 Комекбаева А.А, Мансурова А.Б. қасиетті бастау саналатын Тамшыбұлақ жеріне саяхат жасады. 

 Қапалдың бір жауһары – Тамшыбұлақ  күн сәулесіне құбылған тамшылары бірін-бірі сүйген сұлтанның қызы мен мал баққан жалшы ұлынның көз жасы екен. Сұлтанның қызы Баян әр түн сайын осы қасиетті Тамшыбұлақтың шипалы суына келіп, басындағы ауыр халін айтып жылаған екен. Мөлдіреп  тұрған тамшылар – Баян  қыздың көз жасы-мыс. 1859-1865жылдары Жетісуды аралаған ұлы саяхатшы, этнограф Шоқан Уәлиханов жергілікті халықтың аузынан осындай аңыз естіп, хатқа түсірген екен. Тамшыбұлақ топырағына Шоқан салған ізбен П.Семенов-Тянь-Шанский, Н.Абрамов, А.Голубев сияқты орыс өлке танушылары келіп, табиғаттың тылсым күшіне сиынып кеткен.

  Ел аузында жарқабақтан аққан судың емдік шипасы туралы түрлі әңгіме бар. Қыстың көзі қырауда да қатпай тамып тұратын мөлдір тамшыда көз, асқазан, сүйек, буын, жүйке ауруларына дәрі болып, дем беретін қасиеті бар екен. Ал жарды қаптаған жұқа балдыр қол-аяғы қақсаған, буыны сыздаған, сүйегі сырқыраған жандарға ең қажетті ем-дом екен. Жанына шипа іздеген адамдар қыс, жаз демей осы Тамшыбұлаққа келіп ем алуда.

Ең қызығы Тамшыбұлақтың аты көне Европа жұртына да мәлім екен. Әсіресе,Ұлыбританияда қазақтың кең даласы мен тұманды Альбион алабының арасын байланыстыратын жазба деректерді алғашқы болып саяхатшы,жазушы Томас Аткинсоч тасқа басып қалдырғаны тарихтан мәлім. Ең ғажабы Томастың тұңғыш баласы осы Тамшыбұлақ округінде дүниеге келген екен. Балаларының аттарын Алатау-Тамшыбұлақ деп қойған екен.Қазір олардан тараған балалар Америка мен Ұлыбританияда тұрады екен. Кіндік қандары тамған өлкеге тәу етіп келу Аткинсондар әулетінің қасиетті борышы сияқты.

 Міне, біз саяхатқа барған Тамшыбұлақтың қысқаша тарихы осындай екен.

 Оқушылардың көңіл-күйі жақсы.Тарихи орындарға барып өз көзімен көрген Жетісу жерінің кереметіне сүйсінбеген оқушы жоқ. ”Ата қоныс — алтын мекен”-деп дана халқымыз айтқандай сырға толы тарихи орындарға барып, оқушылардың бойына туған жерге деген сүйспеншілігін оятуымыз қажет деген ойдамын. Мұндай саяхат оқушылардың есінде жақсы естеліктермен мәңгілікке сақталмақ.

 


Т.Рүстембеков атындағы орта мектеп

Математика пәнінің мұғалімі

Байбатчаева М.Т 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив