Оқыту мен оқу үдерісін жетілдіруге бағытталған Lesson study (сабақты зерттеу) педагогикалық тәсілді мектеп практикасына еңгізу » “Ескелді ауданы әкімдігінің Т.Рүстембеков негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы
бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Т.Рүстембеков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 3-74-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Оқыту мен оқу үдерісін жетілдіруге бағытталған Lesson study (сабақты зерттеу) педагогикалық тәсілді мектеп практикасына еңгізу
11
май
2022

Оқыту мен оқу үдерісін жетілдіруге бағытталған Lesson study (сабақты зерттеу) педагогикалық тәсілді мектеп практикасына еңгізу

«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Т.Рүстембеков атындағы орта мектебі мектепке
дейінгі шағын-орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Оқыту мен оқу үдерісін жетілдіруге бағытталған
Lesson study (сабақты зерттеу) педагогикалық тәсілді мектеп практикасына еңгізу, «Бір сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерінің командалық жұмысы» жобасының жоспарын жүзеге асыру

№1 ОТЫРЫС ХАТТАМАСЫ
№1 24.01.2022 ж
Хатшы: Қапасова А.Б
Қатысқандар: 7 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері (тізім қоса тігілген)

КҮН ТӘРТІБІ
ОТЫРЫС БАРЫСЫ
ТЫҢДАЛДЫ:
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары К.Таженова сөз алды:
Енді Пит Дадлидің өзінің «Сабақты зерттеу: нұсқаулығында» ұсынған үдерісінің әр қадамына нақты тоқтала отырып, түсініктеме беріп көрейін.
«Сабақты зерттеу – мұғалім тәжірбиесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педогогикалық тәсіл. Сабақты зерттеуге шараны бірлесе жоспарлап, өткізілетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады. Сабақты зерттеу циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірбиесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Зерттеу сабағын өткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады.
Сабақты зерттеуді өткізу барысында топта (немесе жұппен) жұмыс істейтін мұғалімдер:
• Өздері күнделікті жинаған материалдары мен жүйелі бағалау деректерін оқушылардың оқу мен даму басымдылықтарын белгілеу үшін қолданады.
• Алдағы уақытта әзірленетін немесе жетілдіретін, белгіленген міндеттерге жауап беретін оқыту әдістемесін бірлесіп анықтайды.
• Үш «бақылаудағы оқушыны» анықтайды, олар әрқайсысы сыныптағы белгілі бір топтың өкілі болуы қажет, оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, орта ,төмен оқушылар.
• Зерттеу сабағын бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді.
• Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар аудара отырып, Зерттеу сабағын өткізеді және оны қадағалайды. Аталған үдерістер бірнеше сабақ бойы қайталанып, жетілдірілуі мүмкін. Бақылауды барлық Lesson Stady кезінде жүргізу міндетті емес.
• Бақылаудағы оқушылардың Зерттеу сабағы туралы ойларын білу үшін олармен сұхбаттасады.
• Зерттеу сабағын талқылайды.
• Қолданылатын әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, олардың жеткен жетістіктерін, оқуда көрсететін нәтижелері мен кездесетін қиындықтарын білу, сонымен қатар алынған тәжірбиені келешекте оқыту мен оқу әдістемесін әзірлеу үшін пайдалану мақсатында Зерттеу сабағына талдау жүргізеді.
• Мектеп мұғалімдеріне таныстырылым жасау немесе коучинг өткізу арқылы Сабақты зерттеу тәсілін қолдану нәтижелерін көпшілік қауымға ұсынады. Жобамен танырылым жасап, зерттеу сабақтарында қолданылатын әдіс-тәсілдер ұсынылды.
Зерттеудегі мәселе:
 7а сынып оқушыларының оқуға деген ынта-ықыласының, қызығушылығының болмауы, сыныптың білім сапасына тікелей әсер етуі
 Өз бетінше жұмыс жасау, өз бетінше білім алу дағдыларының қалыптаспауы
 Сыни тұрғыдан ойлау, туындаған мәселені шеше алу дағдыларының қалыптаспауы
 Бірлескен оқу ортасында жұмыс жасау дағдыларының қалыптаспауы
Зерттеу тақырыбы: «Бірлескен оқу ортасын құру арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту»
Зерттелінетін сынып: 7 «А» сыныбы
Смарт мақсат:
 Мұғалімдер сабақтың жалпы мақсатын оқушының меңгеруі керек білім мен дағдылар жүйесіне қалай айналдыру керектігін, смарт мақсат қоюды үйренеді
 Мұғалімдердер Lesson Study циклін өткізу кезінде оқыту тәжірибесіне жаңа әдістерді еңгізеді, жетілдіре отырып практик –мұғалімге айналады
 Оқушылардың оқуға деген уәжін көтеру, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту үшін сабақ кезінде бірлескен оқу ортасын құруға арналған белсенді әдіс –тәсілдерін барлық мұғалімдер қолдана алады
 Зерттеуші топ мұғалідері Lesson Study ді бірлесе жоспарлап, зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, нәтижелерін мұқият талдайды, «Зерттеу сабағын жоспарлау, бақылау, талдау жасау үлгісін» құрастыру мүмкіндігіне ие болады
Зерттеуші тобының жалпы мақсаты: Пән бойынша сабақ өткізудің әдіс –тәсілдерін жетілдіру, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту арқылы оқу мотивациясын көтеру, білім сапасын арттыру
Оқушылар үшін жалпы мақсат: Сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытудың белсенді әдістері арқылы бүкіл сыныптың белсенді оқытуын ұйымдастыру , бірлескен оқу ортасын құру
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар үшін сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытудың белсенді әдістерін қолданады, оқушылардың уәжін көтереді, білім сапасы артады
Мұғалімдер үшін
 Оқу әрекетін белсендіру арқылы сабақта оқушыларды жұмысқа тартады
 Оқу үрдісін белсендіреді
 Оқушыларды зерттеу әрекетіне тарту арқылы сабақтың тиімділігін артады
 Мұғалімнің кәсіби шеберлігі артады


№1 ОТЫРЫСТЫҢ ШЕШІМІ:
1. Топ мүшелерінің тізімі бекітіледі;
2. Зерттеу сұрағын, мақсатын, қандай әдісті немесе стратегияны зерттейтіндіктеріне келіседі;
3. Зерттеу сыныбын таңдайды;
4. Бірінші циклде зерттеуді қай пәннен және қай күні өткізетіндерін келіседі;
5. Сабақ жоспарының алғашқы нұсқасын кім жазатынын келіседі.
6. Жұмыстың нәтижелігін қамтамасыз ететін ережелер жүйесімен келіседі, келесі кездесулердің жоспарын жасайды (қай күндері және сағат нешеде);


Директордың оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары А.Қапасова

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив