«Ескелді ауданы әкімдігінің Т.Рүстембеков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ Гуманитарлық пән бірлестігі мұғалімдерінің 2020-2021 оқу жылының ақпан айында өткізілген семинар » “Ескелді ауданы әкімдігінің Т.Рүстембеков негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы
бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Т.Рүстембеков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 3-74-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ескелді ауданы әкімдігінің Т.Рүстембеков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ Гуманитарлық пән бірлестігі мұғалімдерінің 2020-2021 оқу жылының ақпан айында өткізілген семинар
12
февраль
2021

«Ескелді ауданы әкімдігінің Т.Рүстембеков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ Гуманитарлық пән бірлестігі мұғалімдерінің 2020-2021 оқу жылының ақпан айында өткізілген семинар

«Алматы облысы білім басқармасының  Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»

«МДШО Т. Рүстембеков атындағы орта мектеп» КММ

Гуманитарлық пән бірлестігі мұғалімдерінің

2020-2021 оқу жылының ақпан айында өткізілген 

семинар жұмысына сараптама

Мақсаты:  

      Оқу-тәрбие процесіне қашықтықтан оқу барысында жаңа әдіс-тәсілдерді енгізе отырып, оқушылардың білім деңгейін нығайту,кәсіби бағдар бойынша оқушыларды бейімдеу, білім алуға   қызығушылығын дамыту. 


Ақпан айының 12-ші жұлдызы күні   гуманитарлық әдістемелік бірлестігі мүшелерінің арасында семинар өтті.  Осы семинарда мына өзекті мәселелер талқыланды.

Қарастырылған тақырыптар:

1. «Қалыптастырушы бағалау- табысқа жету баспалдағы»- Мансурова А.Б.

2.«Who is the best?» оқушыларға арналған сайысының есебі- Хавденай Ханша

3. «БЖБ,ТЖБ тапсырмаларын онлайн мектепке қалай жүктеуге болады?» - Клышбаева Б.К.


Мансурова А.Б. алып отырған тақырыбының мақсаты пән мұғалімдеріне қалыптастырушы бағалаудың   оқушының білімді меңгеруде   кемшіліктерін анықтауға тиімді құрал ретіндегі ерекшеліктерімен таныстыру болды.

Өз сөзінде «Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде жүреді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін/ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған соң оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Сабақ барысында пайдаланатын бағалау әдістері: топ жұмысын бағалау кестесі, оқушының өзін-өзі бағалау кестесі, топ басшыларының бағалауы (лайк жүрекшелер, тақырыптық суреттер), «Басбармақ» әдісі және басқалар.

Формативті бағалау – сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін  бағалау түрі, оқушылар үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылады, оқыту барысында оқушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.     


Келесі қарастырылған тақырып бойынша Клышбаева Б.К. сөз алып «Қашықтықтан оқыту барысында БЖБ,ТЖБ тапсырмаларын онлайн мектепке қалай жүктеуге болады?»  деген тақырыпта мұғалімдермен өз тәжірибесімен, қажетті мағлұматтармен бөлісті. Клышбаева Б.К. тақырыпты алып отырған мақсаты пән мұғалімдеріне жиынтық бағалау тапсырмаларын online мектеп платформасында - тест тапсырмаларын құрастыруды меңгерту.Орыс тілі пәнінің мұғалімінің айтуынша қазіргі білім беру жүйесінде заманауи инновациялық технологияларды қолдану,  онлайн оқытуда интернет платформаны таңдау өте маңызды. Танымал техникалық платформалардың бірі – оқушылармен жұмыс істеуге арналған Online мектеп интернет платформасы. Оnline мектеп платформасы файлдарды жүктеуге, яғни БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын енгізіп,  оқушыларға қашықтықтан үлестіруге мүмкіндік береді. Барлық тапсырмалар сақталады. Оnline мектеп платформасында - тест тапсырмаларын құрастыру, жүктеу -  бұл сабақта оқушылардың білімін жылдам бағалауға арналған ыңғайлы бағдарлама. Тиімді және қолжетімді тапсырмаларды ұйымдастыру сапалы оқытудың негізі болып табылады. 





Келесі тақырып бойынша «Who is the best?» оқушыларға арналған сайысы жоспарымен   ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Хавденай Ханша таныстырды. Сайыс сабағын жоспарлаудағы мақсат оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой - өрісін, білім деңгейін кеңейту,оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру.Сайыс екі бағаннан бір сөз құрастыр, сандарды қолдана отырып мақал-мтел құрастыру, етістіктерді Past Simple (өткен шақ), сөйлемдерден болымсыз, сұраулы сөйлем құрастыр, сөйлемдерді өткен шаққа қой деген сияқты кезеңдерді қамтыған екен. Мұғалім бұл сайысты мектебіміздің 6-сынып оқушыларымен онлайн форматта өткізді.



Әдістемелі бірлестік жетекшісі: А.Б. Мансурова


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив