2019-2020 оқу жылындағы «Мектеп асханасы» республикалық акциясы аясында жүргізілген жұмыстар туралы МӘЛІМЕТ
Т.Рүстембеков атындағы орта мектебінің 2019-2020 оқу жылында «Мектеп асханасы» республикалық акция аясында азық-түлікті сақтау ережелерін, ыстық тамақтың сапасын, ыдыс жуу бөлмесінің тазалығын тексеру мақсатында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Мектеп асханасында ас мәзіріне сәйкес ыстық тамақтың берілуі, оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы, мектеп асханасының санитарлық жағдайы, азық- түліктің сапасы, күнделікті ас мәзірін нормаға сай берілуіне мектеп ішілік комиссия құрамы бақылау жұмыстарын жүргізді. Мектеп асханасының «Ас мәзірі» бұрышында апталық ас мәзірі ілінген. Оқушалардың тамақтану кестесі, асханасының жұмыс уақытысы, ауыз су режимінің сақталуы, қол жуатын орындарында тазалық сақталған. Асханадағы балаларға ыстық тамақтануды ұйымдастыру жұмысы жақсы денгейде. Азық-түлікті сақтау ережелері сақталған, ыдыс жуу бөлмелерінің тазалығы сақталған, ыстық тамақтың сапасын тексеру барысында талапқа сай сақталған.