"Адал ұрпақ" ұйымы Бағдарлама » “Ескелді ауданы әкімдігінің Т.Рүстембеков негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы
бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Т.Рүстембеков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 3-74-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
январь
2021

"Адал ұрпақ" ұйымы Бағдарлама


"Адал ұрпақ" ұйымы. Бағдарлама

Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
  мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы

1. Жалпы ережелер


1. Осы Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Тұжырымдамалық тәрбиелеу негіздеріне сәйкес дайындалған және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқитын балаларға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыруды қамтитын тәрбие жұмысын жүргізу тәртібін белгілейді.


2. Тәрбие жұмыстың мақсаты және міндеттері


2. Осы Бағдарламаның мақсаты мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты және патриотты қалыптастыру үшін жағдай жасау.

3. Көрсетілген мақсатты іске асыру үшін келесі міндеттер қойылады:

1) рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру;

2) оқушылардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру;

3) оқушылардың саяси-құқықтық білімін қалыптастыру;

4) оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру.

4. Кешенді іс-шаралар өткізу үшін келесі тәрбиелеу түрлері қолданылады:

1) адамгершілік тәрбиелеу моральдық-этикалық қағидаларын қалыптастыруға, әр оқушының сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған;

2) әлеуметтік-құқықтық тәрбиелеу азамат және мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың мәні туралы  түсінік алуға, құқықтар мен міндеттер туралы білім алуға, құқықтық нормаларды сақтау қажеттілігіне көз жеткізуге, сыбайлас-жемқорлық қоғамдық қауіпін түсінуге бағытталған;

3) эстетикалық тәрбиелеу оқушылардың эстетикалық талғамын және қоршаған ақиқатқа мейірімді және патриоттық көзқарасын  тәрбиелеуге жәрдемдесетін оқушылардың өнер, әдебиет туындыларының көркемдігін түсінуін дамытуға бағытталған.


3. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру


5. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру жалпы білім беретін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу ұйымдарында (бұдан әрі - жалпы білім беретін мектептер) жүзеге асырылады.

6. Тәрбие жұмысына басшылық жасау жалпы білім беретін мектептің басшылығы мен сыныпқа жетекшілік ететін педагогикалық қызметкерлерге жүктеледі.

7. Жалпы білім беретін мектептерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, яғни сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайтуға, оның ішінде мектеп оқушыларының заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыруға, білім және мәдени деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені өткізіледі.

8. Жалпы білім беретін мектептерде тәрбие жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатан «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылады. 

9. Тәрбие жұмысының ұйымдастырушылық негізі:

1) жалпы білім беретін мектептің тәрбие жұмысының тиісті оқу жылына арналған кешенді жоспары; 

2) сыныпқа жетекшілік ететін педагогикалық қызметкердің тәрбие жұмыс жоспары;

3) «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспары 

болып табылады.

10. Осы бағдарламаның 9-тармағында көрсетілген жоспарлар Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес  қалыптастырылады (қоса тіркелген).

11. Жоспарларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмыстың,  күнтізбелік іс-шаралар өткізудің,  қоғамдық ұйымдармен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдармен   өзара әрекеттестіктің негізгі бағыттары көрсетілген.

12. Тәрбие жұмысын жүргізуде азаматтар,  қамқоршылық кеңестер, ата-аналар комитеттері, қоғамдық бірлестіктер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар қатыса алады.


4. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары


13. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

14. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары келесі секциялардан тұрады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық; мәдени-көпшілік іс-шаралар.

15. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім секциясы дәрістерді, «дөңгелек үстелдерді» және басқа да ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.

16. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық секциясы үздік бейнероликтер, суреттер, шығармалар   байқаулары мен іс-шараларын  ұйымдастыруға қатысады.

17. Мәдени-бұқаралық іс-шаралар секциясы акциялар, флэш-мобтарды, диалог алаңдар, қоғамдық, ардагерлер ұйымдарының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен кездесулер және басқа да әлеуметтік-маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.


5. Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының жоспары

2020 – 2021 оқу жылына арналған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспары

Іс-шара атауы

мерзімі

мақсатты топ

жауаптылар

Ұйымдастырушы – дайындық шаралары

1

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмысын ұйымдастыру . 

қыркүйек


6-11 сыныптар

Клуб жетекшісі Имангалиева М.Д.

2

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының 2020-2020 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту

Қыркүйек айы


Клуб жетекшісі және мүшелері

Клуб жетекшісі Имангалиева М.Д..

3

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелерімен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ » Z00М платформасы арқылы әңгіме  ұйымдастыру

Қазан айы

Клуб жетекшісі және мүшелері

Клуб жетекшісі Имангалиева М.Д.

3

«Парасатты азамат»  бұрышын рәсімдеу(жаңартпалы). Қашықтықтан ұйымдастыру 

Қараша

Мұғалімдер мен оқушылар

Клуб жетекшісі Имангалиева М.Д.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат секциясы


.




4

«Біздің таңдауымыз-құқықтық мемлекет» челлендж ZООМ платформасы арқылы 

Желтоқсан


9-11 сыныптар

Клуб жетекшісі Имангалиева М.Д.

Мәдени-бұқаралық іс-шаралар секциясы

5

«Біз жемқорлыққа қарсымыз» оқушылар арасында суреттер сайысы


«Сыбайлас жемқорлықты тоқтатайық!» плакаттар сайысы ZООМ платформасы арқылы

Қаңтар 


1-4 сынып



5-11 сынып

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Норчабаев С.К.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат секциясы

«Қазақстан – құқықтық мемлекет» айлығы

6

«Құқықтық тәрбиелеудегі отбасының рөлі» ата-аналар жиналысы ZООМ платформасы арқылы.

Ақпан


Оқушылардың ата-аналары

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Карипова А.М.,     сынып жетекшілер

7

Сынып сағаттарының тақырыптық жоспарларына адамгершілік және құқықтық мәдениетті арттыру мәселелерін қосу/әңгіме, сұхбат,  ZООМ платформасы арқылы/:

  1. 1-5 сыныптар – «Заң мен құқық әлемінде»
  1. сыныптар – «Мен құқықтық мемлекетте өмір сүремін»
  1. 1-4 сыныптар – «Құқықтық көлшік»         5-8 сыныптар – «Діни бірлестіктер ұйымы. Олардың қатері?              9-11 сыныптар  - «Жемқорлық туралы» 
  2. 1-7 сыныптар – «Жақсылық пен жамандық»»«Мектеп сыбайлас жемқорлыққа қарсы» сынып сағаттары.

Ақпан      2 айы

1-4, 5-7, 8-11 сыныптар

Клуб жетекшісі Имангалиева М.Д

Сынып жетекшілері

Тарих-құқық пәнінің мұғалімі Серікбаева М.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат секциясы

8

«Қоғамдық тәртіп негіздері» пікірталастық жаттықтыру сабағы ZООМ   платформасы арқылы.

Ақпан   


6-11 сыныптар

Клуб жетекшісі Имангалиева М.Д.

Тарих пәні мұғалімі

Серікбаева М.А.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат секциясы

9

Жемқорлықпен күрес жайлы  сауалнама мен әлеуметтік сұрау өткізу.  Қашықтықтан 

үнемі

6-11 сыныптар

Мектеп психологы






10

«Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» оқушылар арасында сұхбат     өткізу . .ZООМ платформасы арқылы

Наурыз

2-3 апта

5-11 сынып

Сурет-сызу пәндерінің мұғалімі

Мәдени-бұқаралық іс-шаралар секциясы






12

«Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» - «Государственная служба – честный труд в интересах страны» шығармалар сайысы. ЗООМ платформасы арқылыарқылы. .

Сәуір айы 

5-8 сынып

Клуб жетекшісі Имангалиева М.Д.,

Орыс тілі пәні  мұғалімі Клышбаева Б.К.,

Қазақ тілі пәні мұғалімі  Едельбаева А.Т.,

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат секциясы

13

«Тарихи өлке» айдарында «Н.Алдабергенов музейіне», «Ескелді би» ескерткішіне,  «Адал ұрпақ» мүшелерінің қатысуымен ЗООМ платформасы арқылы   саяхат ұйымдастыру

Жыл бойы

Клуб мүшелері

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Карипова А.М..

Клуб жетекшісі Имангалиева М.Д:

Мектеп жанындағы лагерь жетекшілері


15

«Адал ұрпақ» мүшелерінің жыл бойы белсенділік танытқан оқушыларына іс-шара аясында «Марапаттау қағаздарын» «Алғыс хаттарын» беру рәсімі және қорытынды жұмыстары ZООМ платформаам арқылы.

Мамыр 

Клуб мүшелері

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бекетаева Ж.М.

Клуб жетекшісі Серікбаева М.А.







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив