Экологиялық білім берудің жалпыреспубликалық өткен апталық іс-шаралар мәліметі » “Ескелді ауданы әкімдігінің Т.Рүстембеков негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы
бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Т.Рүстембеков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 3-74-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
апрель
2021

Экологиялық білім берудің жалпыреспубликалық өткен апталық іс-шаралар мәліметі

Алматы облысы білім басқармасының  Ескелді ауданы бойынша 

білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 

«Т.Рүстембеков атындағы орта мектебі МДШО» КММ

Экологиялық білім берудің жалпыреспубликалық өткен апталық іс-шаралар 

мәліметі

26-30 сәуір аралығы


Экологиялық апталығының мақсаты-адам мен табиғат арасындағы байланыс туралы негізгі идеяларды, экологиялық мәдениетті, салуатты өмір салтын және экологиялық проблемаларды түсіну негізінде жеке қасиеттер ретінде моральдық-экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады. Осыған орай біздің мектебімізде Экология апталығы өткізілді.

Табиғатқа жанашыр болу адамзат қоғамына, оның келешегіне жанашырлық жасау болып табылады. Айнала бізді қоршаған табиғи ортаға қамқорлық жасау, оның бойындағы бар байлықты адам игілігі үшін мейлінше ұтымды пйдалану, қорғау және көркейту мәселесін ойдағыдай шешу-бүгінде бүкіл дүние жүзі халықтарының алдында тұрған ортақ міндет. Бұл орайда педагогикалық мәселелер алғы шептен орын алады, өйткені өсіп келе жатқан жас ұрпақ отбасында, мектепке қабырғасында жүріп табиғат, оның адамзат үшін пайдасы туралы, айналадағы табиғи ортаны көздің қарашығындай сақтау және онымен дұрыс қарым-қатынас жасау туралы мақсаты түрде ең алғаш рет ғылыми мағлұмат алады. Міне, сондықтан мектептен бастап балаларға экологиялық тәрбие беру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Мектеп тәрбиесінің ерекшелігі – табиғатты сүйіп қана қоймай, оны қорғауға баулу. Негізінен табиғатты қорғау қарапайым істен басталады: бөлме өсімдіктерін күту, мектеп ауласын таза сақтау, гүл мен ағаштар отырғызу, оларды жұлмау,сындырмау. Метебімізде өткізіліп жатқан жалпыреспубликалық апталыққа  тоқталып өтсек.

Бірінші күні Экологиялық апталығының салтанатты ашылуы зум платформа арқылы ұйымдастырылды.

«Біздің үйдің жануарлар»-сурет көрме 1-2 сыныптар арасында өткізілді. 

«Бұл әлем қандай әдемі», «Біздің аймақтың табиғатына қамқорлық» фотокөрме 3-4 сыныптар арасында өткізілді.

«Тұрмыстық қалдықтардың екінші өмірі» атты виртуалды қолөнер көрме 5-6 сыныптар арасында өткізілді. 


«табиғатпен үйлесімді өмір сүру» экологиялық викторина 7-8 сыныптар арасында өткізілді.

                                                       Директордың тәрбие

жөніндегі  орынбасары:     Карипова А.М


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив