«Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз» мерекесіне арналған іс-шаралар » “Ескелді ауданы әкімдігінің Т.Рүстембеков негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы
бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Т.Рүстембеков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 3-74-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
март
2021

«Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз» мерекесіне арналған іс-шаралар

«Алматы облысы білім басқармасының   Ескелді ауданы бойынша 

білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 

«Т.Рүстембеков атындағы орта мектебі МДШО» КММ

                    Наурыз мейрамын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар 

ЖОСПАРЫ


Іс шараның атауы

Қысқаша мазмұны, бағыты, атқарылатын іс-шаралар

Мерзімі

Жауаптылар

1

«Көрісу күні»

Бұл күні жұрт бір бірін ұлыстың алғашқы күнімен  құттықтап, төс қағыстырып сәлемдесіп, көрісу рәсімін жасайды. Ұлттық нақыштағы киімдер байқауын өткізу. Ұлттық стильдегі жаңа киім үлгілерін көпшілік назарына ұсыну

14 наурыз күні

Карипова Д.Е

Адильбаева А.Д

1 сыныптар

2

«Табиғат күні»

Түркі тілдес елдердің рухани астанасы көне Түркістан қаласын абаттандыру және барлық білім беру ұйымдарын ағаш, гүлдер егу арқылы аббаттандыру іс-шарасын қолға алу. 

«Әр үйден 1 ағаш» атты челлендж ұйымдастыру. «Үздік мектеп ауласы» секілді байқаулар (сенбілік өткізу, ағаш, гүлдер отырғызу)

15 наурыз күні

Каметжанова Д.Д

Еспенбетова С.Г

Сынып жетекшілер

сыныптар

3

«Бабаларды еске алу және бата күні» «Шежіре күні»

Бұл күні жұртшылық мал сойып, шелпек пісіріп, өткен кеткен ата-бабаларына құран бағыштайды. Әр отбасының үлкендері өмірден өткен ата-бабабаларының, ағайын-бауырдың жақсы істерін, қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелеп береді. Сонымен қатар бұл күні отбасының, жеті атаның, ел-жұрттың тарихы айтылып, шежіресі таратылады. Әрбір отбасы мен мекемелер үйлерді, мекемелерді, орынжайларды безендіреді. Наурыздың басты атрибуты жолтерек үйге, алаңға, көшеге, аулаға орнатылады. «Аналар күні", «Әкелер күні», «Отбасылар күнін»  мереке ретінде кең көлемде атап өту және мерекенің құндылығын балалар санасына жастайынан сіңіру қажет. Мысалы Түркияда сауда орталықтарында үлкен акциялар өткізіліп, азаматтар ата-анасына сыйлықтар сыйлайды. Осылайша ата-ана мен бала арасында сыйластық артады. 

«Наурыз бата беру» Бұл күні жасы кішілер үлкендерге сәлем бере барып, ақсақалдардың батасын алады. Осыған байланысты барлық білім беру ұйымдарында, сондай-ақ телеарналарда «Наурыз бата беру» шарасын ұйымдастыру ұсынылады. Осы іс-шара елдік тұтастық, берекелі бейбіт өмір, достық пен татулық, ағайынның адал көңіл ынтымағы мен бірлігі,ұзақ өмір, өнегелі жол тілеу, ел мұратына ұю, имандылық, әділеттілік, адалдық, елдік пен ерлік, ұлттық намыс, дастарханның берекесі болып саналады.

«Ардагерлерді ардақтайық» ұранымен Отан соғысы және еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетіледі. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде хабар ошарсыз кеткен қазақстандық жауынгерлерді іздеу, жауынгерлерге арналған мәдени-ағартушылық, тарихи-патриоттық іс-шаралар өткізіледі.

«Жеті ата» дәстүрін жастар арасында кеңінен насихаттап, оқушылар арасында қазақ тілі мен әдебиеті сабағы бойынша салт дәстүрден интеллектуал сайыстар, олимпиадалар ұйымдастыру.

16 наурыз күні

Сейдахметова С.М

Сынып жетекшісі

3 сынып

4

«Тарихқа тағзым күні»

Оқушылардың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру, оларды ұлттық рухпен тәрбиелеу, сондай-ақ тарихын білуіне, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ұлттық , тарихи, өлкетану, өнер және әскери музейлерге саяхат ұйымдастыру. Алаш қайраткерлерінің есімін ұлықтау. Туған жерге, елге, тәуелсіздік жолында жанын пида еткен тұлғалар туралы түрлі конкурстар, мектеп кітапханаларында BookDating озық алаңы, буккроссинг, сурет көрмесі т.б іс-шаралар өткізілуі тиіс.     

17 наурыз күні

Сатыбалдинова А.Ж

Турдиева А.Ф

Сынып жетекшілер


4 сыныптар

5

«Игі істер күні»

Бұл күні әр адам мүмкіндігі келетін бір жақсы іс жасайды. Жаппай халықтың қатысуымен тазалықтар өткізіледі. 10 жылдық, 20 жылдық, 30 жылдық секілді мектеп түлектерінің басқосу кездесуінің орнына, сол мектептің гүлденуі үшін үлес қосуы қайырымды әрі кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық іс.Мысалы мектеп бақшасын көркейту, спорттық  үйірмелерге, мектепке қажетті құрал жабдықтар алу.

18 наурыз күні

Турдиева З.Ж

Манибекова А.С

Сынып жетекшілер


5 сынып

6

«Спорт және шеберлік күні»

Ұлттық мектеп лига жарыстарының облыстық іріктеу кезеңдерін өткізу.

Баскетбол, волейбол, футбол, асық ату, бес асық, тоғызқұмалақтан облыстық кезеңін ұйымдастыру. Жеңімпаз командаларды марапаттау рәсімдерін өткізу.

Түркістан : көне және келешек көпірі» 

Өнер, шығармашылық фестивалінің облыстық кезеңін өткізу.

Мектептерде ұлттық спорт ойындарын ұйымдастыру. Велошерулер т б.

«Шебер қолдар» студиясында ұлттық қолөнер, кесте тігу, көрпе көктеу, сурет салу, ұлттық тағамдар әзірлеу. Дәстүрлі ән биді, домбыра тарту, тоғызқұмалақ, асық ойнау ұлттық ойындарын үйрететін мастер класстар немесе презентациялар арқылы балалардың қызығушылығын арттырып,үйірмелерге, спорт секцияларына балаларды көбірек қамту, тарту.

19 наурыз күні

Серікбаева М.А


Сынып жетекшісі


6 сынып

7

«Даналық және білім күні», «Зияткерлік күні»

Кітапханаларда, білім беру ұйымдарында оқушылар арасында байқаулар, зияткерлік сайыстар, табысқа жеткен еңбек адамдардың, кәсіп иелерінің, түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізу.

Ұлттық нақыштағы квест ойындары. «атадан қалған өсиет" эссе, айтыс, шығармалар сайысы, "адалдық алаңы" пікірталас ток-шоуын ұйымдастыру.


20 наурыз күні

Әділ О

Наурызбекова Ш.Н

Сынып жетекшілер


7 сыныптар

8

«Ұлттық тағамдар күні»

«Наурыз көже», «Ұлттық тағамдар» конкурсын ұйымдастыру

21 наурыз күні

Мансурова А.Б

Сынып жетекшісі

8 сыныптар

9

«Ұлыстың Ұлы күні»

Ұлыстың ұлы күніне арналған меркелік іс-шаралар, концерт, театрланған қойылымдар,     ұлттық спорт ойындары т.б

22 наурыз күні

Байбатчаева М.Т

Клышбаева Б.К

Сынып жетекшілер

9 сыныптар

10

«Қадір тұту күні»

Әркім 7 адамды қуантуға тиіс деген насихат жүргізіледі. Ата-әжелер немере шөберелеріне сыйлық таратады. Ата аналар балаларына жолдық сыйлайды. Ауылдарда төлдер тойы өткізіледі. Ұл тапқан келіншекке «үлпершек» сыйлау, қыз тапқандарға гүл сыйлау, ұлға бәсіре, қызға жасау атау дәстүрі насихатталады.

23 наурыз күні

Комекбаева А.А

Каметжанов С.Н

Сынып жетекшілер

10 сыныптар






                           Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:                       Карипова А.М






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив