Қайырымдылық – жылы жүректен » “Ескелді ауданы әкімдігінің Т.Рүстембеков негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы
бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Т.Рүстембеков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 3-74-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
февраль
2020

Қайырымдылық – жылы жүректен

         Қазіргі заманда жастар тәрбиесінде жүректі имандылыққа, махаббатқа, қайырымдылыққа, нұрландыруға, ізгі іс жасауға және жүректен жүрекке арқылы адам жанына әсер ету үрдісі кең ауқымда талқылануда. 

        Адам баласының жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік, мейірімділік. Қайырымдылық  - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашарлыққа – жан риза» дегендей, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.

      Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Осындай бастаудың бірі  Т.Рүстембеков атындағы орта мектебінде де болды.

          2020 жылдың 14 ақпанында Т.Рүстембеков орта мектебінде қамқоршылық кеңес мүшелерінің ұйымдастыруымен "Жүректен жүрекке", «Мейірімді жүректер ынтымақтастығы»   атты қайырымдылық акциялары өтті. 

      Қайырымдылық акцияның мақсаты аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға қуаныш  сыйлап, қамқорлық көрсету, балаларды адамгершілікке, мейірімділікке баулу.




       Осы мақсатта ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы барысында көмекке мұқтаж 6 жанұяға азық-түлік  таратылды. Әр отбасына тұрмыстық көп тұтынатын ұн, қант,  май, макарон, күріш, шай, печенье, тәттілер таратылды. Осы акцияны ұйымдастыруға мектебіміздің ата-аналары, демеушілері, ұстаздары, оқушылары үлкен үлес қосты. Шара барысында қамқоршылық көрсеткен ата-аналарға, демеушілерге, ұстаздарға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, мейірімділік пен жомарттық танытқан қамқоршылық кеңеске, демеушілерімізге, ата-аналарымызға  мектеп атынан алғысымызды   білдіреміз.






Бала ­­– б­ауыр етіміз, балаға жасаған жақсылық – өзімізге жасаған жақсылық деп білейік! Сондықтан да балалардың өмірі жарқын болып, аман болсын!

Аялы алақанымызды, қолұшымызды созып, қайырымдылық жасап, көмек қолын күткен әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, өмірге деген көзқарасын өзгерту – барлық адамзаттың борышы. Мектебімізде әлі де осындай игі істер жалғасын табады деп сенеміз.


Керимбекова Л.А

Т.Рүстембеков атындағы орта мектебінің 

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі 





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив